Трамп Қазақстанды бірінші болып Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
Ақорда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтау хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Қазақтстанмен арадағы серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді.
“Құрметті Президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді. Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін”, – деп жазды АҚШ президенті.
Ол Қазақстан халқының бағына орай, Тоқаевтай тегеурінді әрі батыл көшбасшысы барын атап өтіп, қуанышты сәтті қазақстандықтармен бөлісу өзі үшін зор мәртебе екенін жазды.

Бұған дейін БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездескені туралы жазған едік.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды