Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
Қазақстандықтарды қазан айында Республика күніне байланысты қатарынан үш күндік демалыс күтіп тұр. Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар 24 және 25 қазанда демалады.
Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні болса, алты күндік жұмыс аптасында 6 күн демалыс болады.
Республика күні қазақстандықтарға қатарынан бірнеше жыл демалысты ұзартуға мүмкіндік беріп келеді. 2024 жылы мереке жұмаға түсіп, үш күн қатарынан демалуға мүмкіндік берген. Ал 2023 жылы Республика күні сәрсенбіге сәйкес келіп, жұмыс аптасының ортасында бір күн демалыс болған.
Салыстырсақ, қыркүйек айында Қазақстанда ресми мереке болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 8 күн, алты күндік жұмыс аптасында 4 күн демалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған