Тоқаев пен Путин Үндістанда бейресми кездесу өткізді
Ресей президенті Владимир Путин БРИКС саммитіне қатысушы мемлекеттердің басшылары мен делегация жетекшілеріне арналған ресми қабылдаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты бейресми кездесуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, бұл ұсыныс ресми қабылдаудан кейін бірден айтылған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кездесудің болғанын растады.
"Президент Тоқаевты бейресми түрде жай ғана әңгімелесуге шақырды", – деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан астанасы Нью-Делиге бір күн бұрын барған. Мемлекет басшысы бұған дейін Абу-Даби тақ мұрагерімен және АҚШ-тың арнайы өкілімен кездесулер өткізген.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
