Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан көшелерінде "ерекше полиция қызметкері" пайда болды

 

Полиция
Фото: ШҚО полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысының полициясы алғаш рет робот-итті қолданып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған жаңа технологияны сынақтан өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Роботтандырылған құрылғы Ұлан ауданындағы бұқаралық іс-шара кезінде пайдаланылды. Ол белгіленген аумақта өздігінен патруль жүргізіп, айналаны камера арқылы бақылауға мүмкіндік береді.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, робот-ит бейнеталдау және адамды тану функцияларымен жабдықталған. Камерадан алынған ақпарат полицияның жедел басқару орталығына тікелей жіберіледі.

Сонымен қатар құрылғыда жарық сигналдары мен дауыс ұлғайтқыш бар. Оның көмегімен патруль аумағындағы адамдарға дауыстық ескерту жасауға болады.

Полицияның айтуынша, мұндай роботтар адам көп жиналатын жерлерді автономды түрде бақылауға арналған. Болашақта оларды көшелерде, саябақтарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, сондай-ақ әуежайларда пайдалану жоспарлануы мүмкін.

Назархан Уән
Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026 12:25