Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египеттік блогердің видеосынан кейін екі полицей қызметсіз қалды

египеттік блогер (1)
Фото: видеодан скриншот

Астанада туристік полицияның екі қызметкері блогермен бірге түсірілген видеодан кейін жұмыстан шығарылды. Кадрларда ер адам полицей қыздардың бірін көтеріп алып, айналдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оқиға Астанадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының алдында болған. Тревел-блогер екі полиция қызметкерімен бірге бірнеше би қимылын жасап, кейін олардың бірін көтеріп, қолында айналдырған.

Блогер видеоны қазақстандық полиция қызметкерлерінің сұлулығы мен мейірімділігін атап өткен жазбамен жариялаған.

Алайда видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі полицейлердің мұндай әрекетін орынсыз деп бағалап, олардың сол сәтте қызметтік міндетін атқарып жүргенін атап өтті.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында екі қызметкердің қызметтік әдеп нормалары мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзғаны анықталған.

"Қызметтік міндетін атқару кезінде және нысанды киімде мұндай әрекетке жол берілмейді. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген әдеп нормаларын ұстануы тиіс", – деп хабарлады департамент.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылды.

Назархан Уән
Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026 13:20