Жер шары тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс "от сақинасының" куәсі болады
Осы аптаның соңында Күн тұтылады. Жер тұрғындарының басым бөлігі тек бұл көріністі тек жартылай бақылай алса, кей ел тұрғындарына тұтылуды толықтай көре алады. Олар Күннің тұтылу көрінісі, басқаша "от сақинасының" куәсі бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы NASA мәлімдеді. Мәліметтерге сәйкес, биыл тұтылу тек 38 секундқа созылады, ал сақинаның өзі толықтай бірнеше секундқа ғана көрінеді. NASA сақина қандай нүктелерден жақсы көрінетініне қатысты карта құрастырды. Олардың ішінде: Оңтүстік Пәкістан, Солтүстік Үндістан, Нью-Дели, Тибет, Оңтүстік Қытай және Тайвань елдері бар.
Сондай-ақ, NASA тұтылуды көруді жоспарлағандарға ауа райы болжамын бақылап, бұлтсыз орынды таңдауға кеңес береді.
"Жақсы ауа райы - тұтылуды бақылаудың бірден-бір сәтті жолы. Бұлттардың астында ұзақ тұтылуды көргенше, ашық аспанда қысқа мерзімді тұтылуды бақылаған жөн", - дейді NASA-дағылар.

Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды