Қаскелеңде такси жүргізушісі ер адамды бұрағышпен өлтірген
Алматы облысындағы Қаскелең қаласындағы тұрғын үй кешенінің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Анықталғандай, такси жүргізушісі жанжалдан кейін ер адамның жүрек тұсына бұрағыш тығып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық полиция департаменті көп ұзамай кісі өліміне қатысты такси жүргізушісінің ұсталғанын мәлімдеді.
"29 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Қарасай аудандық полициясына "Қарлығаш" тұрғын үй кешенінің шлагбаумнан шыға беріс тұсында ер адамның мүрдесі жатқаны хабарланды. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына жетіп, 1976 жылғы Қаскелең қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып қалғанын, соңында оған бұрағышты жүрек тұсына тығып алғанын мойындады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір күдікті қамауға алынды. Полиция айғақ заттарды тәркілеп, қылмыстық тергеу бастаған.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”