Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Екі ел президенті күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі ел басшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына игілік пен бақ-береке тіледі.
“Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар былтыр Мемлекет басшысының Анкараға және Түркия Президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға баса мән берілді”,- делінген хабарламада.
Екі тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген