Қаржы министрлігі ең төменгі жалақы мөлшерін келесі жылы өзгеріссіз қалдырмақ

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттің жобасын талқылауға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатта 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі қаржылық есептік көрсеткіштердің қанша болатыны айтылған.
Соның ішінде:
1) жалақының ең төмен мөлшерi — 85 мың теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 35 596 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi — 69 049 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш — 4 325 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы — 50 851 теңге болып белгiленген.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.