Қарақат Әбілдина туған күнін Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Күні кеше әнші Қарақат Әбілдина өзінің 39 жасқа толған туған күнін әріптестері мен құрбыларының арасында атап өтті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әдетте әртіс атаулы жеке меншік мерекелерін ең қымбат деген мейрамханаларда атап өтетін. Тек бұл жолы емес. Қарақаттың туған күні Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде атап өтілді.
Туған күн кешіне “Үміт көктемі” деп атау берілген. Онда тек әйелдер қауымы шақырылған.
Олардың арасында Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева, Тамара Асар, Гүлбаршын Заирова сынды танымал тұлғалар бар.
Кеш барысында “Құрсақ шашу” ырымы жасалды. Бұл ретте Қарақаттай көпбалалы ана болсын деген ниетпен меймандарға сыйлықтар таратылды. Ал кешке жиылғандар әншінің аман-есен босануын тіледі.
Ерлер қауымынан бұл кеште әншінің жолдасы Қыдырәлі Болманов бой көрсетті.
Желідегілердің арасында туған күннің мешітте атап өтілуін сынағандар да, құптағандар да көп болды.
Публикация от Майра Төлепберген (@mayratolepbergen)
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Әдемі төсек қатынасын көрсететін ұятсыз фильмге түсті
Асхат Садырбай заманауи қазақтарды “жалқау әрі тойымсыз” деп атады
Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды
Қарақатқа деген сезімін білдірген Қыдырәлі көптің жүрегін елжіретті