Қарақатқа деген сезімін білдірген Қыдырәлі көптің жүрегін елжіретті

Қыдырәлі Болманов асыл жары Қарақат Әбілдинаны туған күнімен құттықтап, оған деген тілегін тағы да бір рет сезімін білдіру арқылы жеткізді. Оның жүрекжарды лебізі көптің жүрегін елжіретті.

каракат кыдыралі куттыктау

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Кезінде әйгілі қолбасшылардың бірі А.Македонский жорық кезінде кездескен ғұлама ғалымдарға, өзі жауабын таба алмай жүрген сұрағын қойыпты. «Әлемдегі ең бақытты адам кім?» деген сұрағына ғалымдар: «Счастлив муж, нашедший красивую жену, прекрасную в поступках!» – депті. Бір сөзбен көп айтылған.

Әлемдегі ең сұлу әйел – жүрегі өзінен сұлу, иманы кәміл әйел екеніне еш күмән жоқ! Көңіліне көктем бүршік атқан, жан дүниесі әдемі де әсерлі аналық үмітке толы, ең сұлу “бейнеге” бөленген әйел – әлемдегі ең сұлу әйел!

Өзіңе кездескен күннен жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен сүйіп, алақанымның “сыртындағы” көрінбейтін алақанымнан түсіріп көрмеппін. Өйткені сені сүйе алмасам, аялай алмасам, өмір сүре алмайтын сияқтымын! Өмір – сүюден тұрады. Жаратқанды иман, түйсігіңмен сүйсең, ұлтыңды қаныңмен, тегіңмен сүйесің! Екі жарты-бір бүтін болатын, маңдайыңдағы бағыңды аша алатын әйелді Алладан тілейсің! Жүрегіңмен іздейсің, жүрегіңмен сүйесің. Анасына қарап қызын ал деген дана аталарымыз. Сендей серік, мені сүйетін, бағалай білетін адал жар жаратып, жолықтырған, адастырмаған мейірімді Аллаға сансыз мадақ! Сендей ақылды да талантты “тәтті-ақ” қыз туып, тәрбиелеп берген анаңа мың тағзым! Тектілігіңнің тамыры ата-бабаларымызға, марқұм әкеңе мың тағзым!

Айтар сөзім, тілегім өте көп! Аса қамқор, ерекше мейірімді Алладан күтіп отырған тәтті-ақ “жүрегімізді” аман-есен босанып, жарық дүниеге әкелуін, бақытына куә болуды нәсіп етуін тілеймін! Туған күнің құтты болсын! Сүйемін, жүрегіммен сүйемін! Жүректері барларды… Дұғай сәлеммен: Бекболат, Иманәлі, Нұрәлі, Айсұлтан патшаларымыздың атынан Қыдырәлі!” – дейді Қыдырәлі Болманов.

Айта кетейік, бесінші сәбиін күтіп жүрген Қарақат бүгін 39 жасқа толып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш қытай әніне бейнебаян түсірді (видео)

Мұрат Қожа бірінші некесінің неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді

Асхат Садырбай ауырған кезінде өзін тастап кеткен достары жайлы айтты

Жанар Дұғалованың сексуалды суреттері желіні шулатты (фото)

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр