Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай ауырған кезінде өзін тастап кеткен достары жайлы айтты

Танымал тележүргізуші басына іс түскенде теріс айналған “достары” жайлы айтып берді.

садырбай асхат 050417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Садырбай оларға өкпелемейтінін, тек жақсылық тілейтінін жеткізді. Десе де тележүргізуші тосыннан “пышақ сұққандарды” ұмыта алмай жүрген көрінеді.

«Көлеңкелер қайдасыңдар? Айта берді демеңіздер, бірақ мен бұл нәрсемен күнде ұшырасам. Миымда миллион сұрақ.

Былай ғой, жол апатына түскен сәттен бастап қасымда жүрген көп адам бағытын 180 градусқа бұрды. Әй жоқ шәй жоқ, әпсетте солай болды. Өмір көргендер бәлкім күлер, бірақ, маған ол көлеңкелердің соншалықты тез жоқ боп кеткен себебі шынымен қызық.

Екіншіден, көлеңкеден не қайыр күтіп едің, көлеңке деп атын айтып тұрған өзің емессің бе демеңіз, оларға басқа атау таппадым. Иә, ол кезде бет-аузым жырым-жырым, басқа қатты соққы тиген, иығым сынған, бел мен жамбас қозғалтпайтын. Мүмкін олар сол түрімді көріп бұл енді тұрмайды деп ойлады ма екен?

Әрине ол кезде бәріміз де жақсыға ниеттендік, үміт арттық. Бірақ ертең не болатынын ешкім білген жоқ. Аллаға шүкір, әйтеуір жанымыз аман, көреріміз бар екен жүрміз. Кеудеден жан шыққанша сыйласатын достарым бар ғой, шүкір. Оларға әңгіме жоқ. Күн демей, түн демей жанымнан табылды, қашықтық, уақыт талғаған жоқ.

Оларды Алла екі дүниеде де бақытты етсін деп дұғама қосамын. Бірақ әлгі көлеңкелер ойымнан кетпейді. Оларды сөккім келмейді, қайта ақтап алғым кеп тұрады. Адамның күні адаммен ғой, күндердің күнінде әйтеуір бір жүздесіп қалғанда қалай болар екен деймін дағы. Ешкімге өкпем жоқ, бәріне бақыт тілеймін. Тек бұл постты оқыған оқырман ойыма ой қосар, мені түсінер деп ойлаймын», – деп жазады Асхат Садырбай.

Еске сала кетейік, Асхат Садырбай 2016 жылдың мамыр айында жантүршігерлік жол апатына түсті. Көлік оқиғасы болған кезде ол артқы орында ұйықтап жатқан. Сондықтан апаттың қалай болғанынан бейхабар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш финалда кіммен дуэт орындайды?

Жанар Дұғалованың сексуалды суреттері желіні шулатты (фото)

Ренат Жүнісова мен Оразыметованы не себепті ұрыстырып қойғанын түсіндірді (видео)

Димашқа Еуропа, Америка, Азия елдерінің үлкен сахналарында ән салу туралы ұсыныстар түсіп жатыр

Талқылау