Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ренат Жүнісова мен Оразыметованы не себепті ұрыстырып қойғанын түсіндірді (видео)

Әнші әрі актер Ренат Басит көптің сүйікті әншісі Мақпал Жүнісовадан кешірім сұрады.

макпал ренат басит

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәселенің барлығы “Таңшолпан” бағдарламасынан басталды. Таңғы эфирді тамашалаған Мақпал Жүнісова “Соқыр махаббат” фильмінен үзінді көрсетілгенде өзінің емес, Гүлнұр Оразымбетованың әнін естіген. Содан соң Халық әртісі фильмге саундтрек етіп орындаған әнін Оразымбетова арнайы алдырып тастаған деп топшылаған. Ашуланғаны соншалық, Мақпал Жүнісова желіде жазба қалдырып, Гүлнұр Оразымбетованы қызметін асыра пайдаланды деп айыптады.

Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Гүлнұр Оразымбетова түсінбестіктің орын алғанын айтты. Анықталғандай, “Соқыр махаббат” фильмінің саундтрегін Мақпал Жүнісова да, Гүлнұр Оразымбетова да орындаған.

Дәл осы себепті актер Ренат Басит Сиви Махмұди екеуінің атынан өнердегі қос әпкесінен кешірім сұрады.

“Бүгін таңертең болған оқиғаға байланысты сіздерден кешірім сұраймыз. Біздің басты саундтрегіміз сүйікті Мақпал апайдың әніне жазылған, Мақпал апайдың өзі де кинода бар. Бірақ біздің кінәміз, бір фильмге үш саундтрек жаздырғанбыз: «Азия» тобы, Гүлнұр және «Саламат» тобымен. Біз оны Мақпал апайға айтпағанбыз. Мақпал апай, сізден кешірім сұраймыз. Гүлеке, сізден де кешірім сұраймыз. Айып етпеңіздер, бұл біздің кінәміз, ренжімеңіздер! Мақпал апай, кешірім сұраймыз”, – дейді Ренат.

@zhunusova.makpal Сизден кеширим сураймыз ренжименизши 🙏🙏🙏!!! @gulnurorazymbetova

Публикация от Ренат Басит (@rinat_basit)

Жіберіп алмаңыз:

«Жігіттер» тобының әншісі басынан өткен жағдайды баяндап берді

Димашқа Еуропа, Америка, Азия елдерінің үлкен сахналарында ән салу туралы ұсыныстар түсіп жатыр

Нұрлан Қонысбаев алғаш рет «Нұр-Мұқасан» тобының не себепті тарағанын түсіндірді

Қазақстандық әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы шықты

Талқылау