Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жігіттер» тобының әншісі басынан өткен жағдайды баяндап берді

“Жігіттер” тобының әншісі Мырзахан Махановқа бүгін Петерборда ота жасалды.

мырзааааа

Әнші үш ай бұрын тамағын қатты суықтатып алыпты, соның салдарынан дауысына айтарлықтай зақым келіпті,-деп жазды Stan.kz тілшісі.

«Құрметті менің отандастарым, бауырларым! Осыдан 3 ай бұрын тамағыма қатты суық тиіп, медицина тілімен айтқанда дыбыстық бауларыма (голосовые связки) зақым келіп, ота жасауға тура келді. Баршаңыздың дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет!

Елден алыс жүрсем де, жерлестерімнің жылы лебізін, шын жанаршырлықтарынызды естіп, желіден көріп “жарам” біршама жеңілдеп қалды! Көптен көп рахмет! Сіздердің де отбастарыңызға амандық берсін! Қазақстанда кездескенше»,-деп жазды әнші.

Бұған дейін әншінің Ресейде ота жасауға барғаны жайлы жазған едік. Мырзахан тағы бірнеше күн дәрігерлердің қадағалауында болады. Денсаулығы қалпына келісімен елге оралады.

Оқи отырыңыздар:

Кенжебек Жанәбілов туған ағасын жер қойнына тапсырды

Ринат Зайытов: Құзырымда болса бағдарламалардың 90%-ын жауып тастар едім

91-ге ұқсас Black Dial тобының алғашқы бейнебаяны желіні “жарды” (видео)

Марқұм анасын еске алған Ғаділбек тыңдармандарын жылатты

Талқылау