Марқұм анасын еске алған Ғаділбек тыңдармандарын жылатты

Ғаділбек Жанай анасының өмірден озуын еске алып, тыңдармандарының жүрегін елжіретті.

гаділбек 030417

Әнші анасы туралы естеліктерімен 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында бөлісті.

Анасы дүниемен қоштасқанда Ғаділбек Алматыда болған. Ағайын-туыстары телефонмен шошытпайын десе керек-ті, суыт хабарды бірден айтпаған. Тек анасының денсаулығы нашарлағандықтан, ауылға тез арада жетуі керектігін жеткізген.

«Ауылда қалай шақырады? Бізде қазақтың даналығы сол шығар, алыста жүрген адамға бірден айтпайды. «Ауыр халде жатыр, денсаулығына байланысты, сен келуің керек» деп қана айтады. Іштей сезсең де, қимастық болады ғой. Анаңның өмірден өтуі адамның ойына кіріп шықпайды ғой. Ауылға барғанша білген жоқпын. Ауылға жетіп, үйге жақындаған кезде киіз үйді көргенде бір-ақ білдім. Бірақ енді қимайсың.

Бүгін сол күнге қайтып келгендей болып тұрмын. Өте ауыр болды мен үшін. Қайта бас көтеру оңай болмады. Бірақ өзімді жұбатқан бір нәрсе – ол анаң тірі болғанда қандай күйде болғаныңды қалар еді деген ой…

Өзіме мотивация болды. Анам менің өмірден түңіліп, төмен қарап жүргенімді не болмаса жарқырап, елдің алдында жүргенімді қалар ме еді? Менде екі жол болды. Дұрыс жолды таңдадым деп ойлаймын», – дейді Ғаділбек.

Әншінің айтуынша, адамдар ата-ананың қадірін кеш түсінеді.

«Көп бағаламайтын екі адам болса, ол – ата-анаң. Сол кісілерді бағалай білейікші», – деп түйіндеді сөзін Ғаділбек.

Жіберіп алмаңыз:

Актер Азамат Сатыбалды жеке театрын ашты

Сот Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қараудан бас тартты

Димаш финалдың алғашқы кезеңінде 2-орын алған

Баян Есентаева: 9 айдан бері бал айында жүрмін (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр