Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қараудан бас тартты

Еліміздің Жоғарғы соты Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қарау туралы арызды қабылдамады.

Есентаев ава-270217

Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

«ҚР Жоғарғы соты сотталушының адвокаты мен зардап шегуші Баян Есентаеваның өтініш хаты бойынша Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қараудан бас тартты», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Есте болса, өткен жылдың қарашасында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты. Баян Есентаеваны соққыға жығып, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер қолданғаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін Есентаев өзінің кінәлі емес екенін айтып, аппеляциялық шағым түсірді. Баян Есентаева да сотқа бұрынғы күйеуінің жазасын қайта қарау туралы өтініш білдірді. Одан бөлек, қазақстандықтар Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету үшін петиция ұйымдастырды. Дегенмен көптің талпынысы нәтижесіз қалып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш финалдың алғашқы кезеңінде 2-орын алған

Баян Есентаева: 9 айдан бері бал айында жүрмін (фото)

Үш мәрте тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова қызды болуды армандап жүр

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Талқылау