Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Қазнетте Алматы көшелерінің бірінде оқыстан түсірілген видео танымал болып шыға келді. Онда әнші Сиви Махмудидің қымбат Mercedes көлігін гольф таяғымен ұрып жатқанын байқауға болады.

Безымянный

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Ашу шақырған әнші гольф таяғымен қымбат көліктің терезесі мен айнасын ұрып сындырып, айқайлап, сосын Lexus көлігіне отырып кетіп қалады.

Кейінірек белгілі болғандай, бұл қыз әнші Сиви Махмуди екен. Ол “Соқыр махаббат” фильмінің түсіріліміне әнші Ринат Баситовпен бірге қатысқан. Осыдан соң Ринат Сивимен жалаңаштанып түскен суреттерін желіге жариялап жібереді.

Бұл туралы білген Махмуди гольфтен қайтып келе жатып, Ринаттан өш алуға бекініпті. Абай даңғылының бойында “Азия” тобының әншісін қуып жеткен Сиви, ашуына ерік беріпті.

Алайда көпшілік желі қолданушылары мұны пиар-әрекет деп бағалапты.

Оқи отырыңыз:

Нұртас Айдарбеков халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Нұртас Адамбай желідегілердің барлығын қазақ тілінде сөйлетудің амалын тапты

Алматылық бүлдіршін Ресейдегі ән байқауының финалына жолдама алды

Димаш тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантпақ (видео)

Талқылау