Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш мәрте тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова қызды болуды армандап жүр

Жуырда үшінші рет тұрмысқа шыққан әнші Ақбота Керімбекова көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмайды. Үш ұлдың анасы енді қызды болуды армандап жүр.

бота керім

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Күйеуге шықтық. Алла беріп жатса туамыз, шектеу қоймаймын. Өйткені баламның көп болғанын мен де тілеймін. Алла беріп жатса, арманым қызды болу. Жасырмаймын”, – деп мәлімдеді Ақбота Керімбекова.

Әнші сөз арасында сахнаға аса шыққысы келмей қалғанын ашып айтты. Оған себеп жеке өміріндегі өзгеріс болса керек-ті.

“Кішкене түсініксіз кезең, өнерде тоқырау дегенім болатын шығар. Соның салдарынан шығар, сахнаға қатты құлшынысым болмай кетті. Бірақ өнерді тастап кете алмайсың, өйткені халықтың қошеметіне бөленгеннен кейін, халық сені күткеннен кейін қазір әндер жаздырып жатырмын”, – деп түсіндірді Ақбота.

Жіберіп алмаңыз:

Жігер Ауыпбаевтың сәләфит болып кеткені рас па?

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Нұртас Айдарбеков халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Нұртас Адамбай желідегілердің барлығын қазақ тілінде сөйлетудің амалын тапты

Талқылау