Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Әдемі төсек қатынасын көрсететін ұятсыз фильмге түсті

Әнші Әдемі режиссер Айгүл Ақсамбиеваның «Мүсінші жайында» («О скульпторе») атты кинокартинасында басты рөлді сомдамақ.

ademi 060417

Бұл туралы «Гәкку» арнасы хабарлады.

«Мен Динаны сомдаймын. Қызығы да сол, кейіпкеріммен аттаспыз. Менің куәлік бойынша шынайы есімім де – Дина. Бұл 90-жылдардағы әнші», – дейді Әдемі фильм жайында.

Фильм 90-жылдардағы мүсінші туралы әңгімелейді. Оның рөлін қырғыз актері Азиз Бейшеналиев, ал Әдемі оның жарын сомдайды.

Жаңа кинокартинада елдің талқысына түсетін кадрлар бар.

«Мысалы, бүгін махаббат сахнасында ойнадым. Бұл басқа актерлер айтып жүргендей оңай нәрсе емес екен. Яғни актерлар төсектің шетіне отырады, ал көрермендер олардың арасында жақын қарым-қатынас болды деп топшылайды. Ал бізде бұл шынайы түрде болды. Мен әлеуметтік желілер арқылы жанкүйерлерімді ақырындап бұған дайындадым”, – деген Әдемі көрермендерді түсіністік танытуға шақырды.

“Ол – мен емес. Сахнадағы адам – ол мен. Ал кинодағы мен емес, ол бар болғаны рөліне енген адам. Ол жерде шынайы түрде сүйіскен, аймаласқан, төсін көрсеткен кадрлар бар. Ол мен емес, ол 90-жылдардағы Дина. Сондықтан бар айыпты соған тағыңыздар”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Айгүл Ақсамбиева көрерменге «Вузеры», «Патруль», «Айжан», «Бәсеке» телехикаяларын тарту еткен режиссер.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова қыр соңынан қалмай қойған бүлдіршін туралы айтып жұртты күлдірді (видео)

Талғат Теменов “Тоқал” фильмінің режиссерін көргенсіз деп атады

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Мұрат Қожа бірінші некесінің неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді

Талқылау