Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Теменов “Тоқал” фильмінің режиссерін көргенсіз деп атады

Танымал кинорежиссер Талғат Теменов «Тоқал» фиьмінің продюсері әрі басты рөлді сомдаушы актрисасы Гаухар Нұртасты топасқа теңеді. Режиссердің пайымдауынша, әр маман өз ісімен айналысуы тиіс. Ал бірнеше кеменің басын ұстағандар ақырында «суға батып» тынады.

теменов токал фильмі туралы

Бұл туралы режиссер «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтқан.

Журналист Әйгерім Сейфолла әмбебап мамандар туралы сұрақ қойғанда Теменов «Тоқал» фильмін мысалға келтірген.

«Қолынан келіп тұрса, талантын танытса «жолың болсын» дейміз. Жалпы актер мамандығы бағынышты мамандық. Өйткені актер тек орындаушы. Оның сценарийін басқа адам жазады, режиссер қояды.

Жақында «Тоқал» деген фильмді көрдім. Гаухарды танимын. Өзі продюсер, өзі режиссер, өзі киноға түскен. Сол кинодан қарным ашып шықты. Әр нәрсенің басын бір шалған. Ең жаманы қазақтың, ұлттың намысына тиетін дүниелер бар. Бұл режиссердің көргенсіздігі.

Режиссерде Құдай берген талант болу керек. Режиссер болып қалыптаспайды, режиссер болып туады. Ақын болу үшін де солай. Осы тұрғыдан келгенде режиссер топастау болғаннан кейін актерлік ойын да топастау, сценарийі де топастау. Шалажансар дүниеден бүтін дүние шықпайды. Есектен есек туады. Есектен тұлпар тумайды. Сондықтан өзі продюсер, өзі режиссер, өзі актер болғандардың мұндай ісін құптамаймын», -дейді Теменов.

Сұхбат барысында Теменов отандық арналардағы әзіл-сықақ бағдарламаларын сынады.
«Ит жоқ жерде шошқа үреді. Теледидарлардағы әзіл-сықақ бағдарламаларын көрмеймін. Көрсем қан қысымым көтеріледі. Әжуалайтындары ауылдағы аналарымыз, әкелеріміз бен келіндеріміз. Түгел келеңсіз етіп көрсетеді. Экран – идеология. Экранда сынау бар да, мінеу бар, күлу бар да, келемеж ету бар. Бүгінгілер міне осыны ажырата алмайды. Сондықтан да қазір теледидарда бір-біріне тауықтың жұмыртқасындай ұқсас, ойы да, өресі де ұқсас, тіпті топастау бағдарламалар көп», – деп налыды кинорежиссер.

Жіберіп алмаңыз:

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Қарақатқа деген сезімін білдірген Қыдырәлі көптің жүрегін елжіретті

Әнші Әдемі кәріс баласын балағаттаған қазақтарға жауап берді

Асхат Садырбай ауырған кезінде өзін тастап кеткен достары жайлы айтты

Талқылау