Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Әдемі кәріс баласын балағаттаған қазақтарға жауап берді

Жуырда Қазақстанда өткен «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы анықталды. Елімізде өткен ән байқауында Даниил Юннің жеңіске жетуі ел халқы арасында наразылық туғызған. Тіпті, небәрі 9 жастағы кәріс баласын балағаттағандар да болған.

адеми даниил

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші, «Жаңа толқын-2015» байқауының 2-орын иегері Әдемі кішкентай Даниилді жеңісімен құттықтап, оны балағаттағандарға өз жауабын берді.

«Балам, жеңісіңмен құттықтаймын! Жеңіске жететініңе сендім, білдім. Ештеңеге қарамастан арманыңа ұмтыл, ал біз саған қолдау көрсетеміз.

Құрметті адамдар, әрине егер сіздерді солай атауға болса… Қалайша кішкентай баланы балағаттай аласыздар? Сіздерде жүрек бар ма өзі? Өз-өздеріңізбен үндестік тауып, мейірімділіктің, адалдық пен әділдіктің не екенін қашан түсінесіздер?

Неліктен сіздер кімнің лайықты, ал кімнің лайықсыз екенін айтуға құқылымын деп ойлайсыздар? YouTube-тегі пікірлерді оқып, шошып кеттім. Ол бар болғаны бала, егер шын талантты болса, қай ұлттан болса да бәрібір емес пе? Димаш Қытайда еліміздің атын шығарып жатыр деп қуанып жатқан жоқсыздар ма? Егер біздің талантты әншімізді өзге мемлекетте осылай балағаттаса, сіздерге ұнар ма еді? А? Немесе тек қазақ болғаны үшін біздің спортшыға жеңісті бермей қойса? Не істеп жатқандарыңызға бір сәт есеп бересіздер ме осы?» – дейді ашынған Әдемі.

Сөз соңында ол елімізде әртүрлі ұлт өкілдерінің өмір сүріп жатқанына қатты қуанатынын жеткізді.

«Олардың барлығы да адамдық құрметке лайықты қарапайым жандар!» – деп түйіндеді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

«Меломен» жігіттері қарияның ауласын тазалап, азық жеткізіп батасын алды (видео,фото)

Жеңіс Ысқақова болашақ келініне сырға салды (видео)

Ғаділбек Жаңай алғаш рет келіншегін көрсетті (фото)

Әли Оқапов “қалыңдығымен” бірге фототүсірілім жасады (фото)

Талқылау