Соңғы жаңалықтар

Ғаділбек Жаңай алғаш рет келіншегін көрсетті (фото)

Әнші Ғаділбек Жаңай жұбайына арнаған кезекті әнінің тұсауын кесті. Ол “Қызғаншағым” атты жаңа әнін Алматыда өткен шығармашылық кешінде айтты.

gadilbek 0404

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

Әнді орындау барысында Ғаділбек залда отырған жұбайынан көзін алмады. Оны байқап қалған журналистер Ақмаржан Отаровамен танысу мүмкіндігін қалт жібермеді.

gadilbek akmarzhan

Ғаділбектің жары – Ақмаржан. Фото: “Айта берсін” бағдарламасынан скриншот

Бұған дейін келіншегін ел назарынан тасада ұстаған Ғаділбек Ақмаржанның сұхбатының жария болуына рұқсат бермеді.

Есесіне өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, шыдамдылық танытып жүрген әйеліне алғыс айтты.

“Жасырмаймын, ол келіншекке де оңай емес. Жалпы әншінің келіншегі болу оңай емес. Өнер адамдарының келіншектеріне Алла сабыр берсін. Себебі көп далада, айлап гастролдерде жүреді. Олардың сабырлылықтарына таңғаламын. Үйде отырып, түтінін түтетіп, отауындағы жылулықты сақтап, бала-шағасын бағып отырады. Осы біздің аяулы ханшайымдарға арнап ән шығармағанда кімге шығарасың? Келіншегіме ризамын, үлкен рахметімді айтамын”, – дейді Ғаділбек.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлнұр Оразымбетова Мақпал Жүнісованың өзін айыптауына қатысты жауап берді

Жеңіс Ысқақова болашақ келініне сырға салды (видео)

Кенжебек Жанәбілов туған ағасын жер қойнына тапсырды

Сивидің 300 мың доллар тұратын көлікті неге талқандағаны белгілі болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр