Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сивидің 300 мың доллар тұратын көлікті неге талқандағаны белгілі болды

Эстрада жұлдызы Сиви Махмуди «Азия» тобының әншісі Ренат Баситовтың қымбат көлігін қиратып тастады. Оған ғаламторда таралған бейне жазба негіз бола алады. Әнші Сиви құны 300 мың долларға бағаланған темір тұлпардың тас талқанын шығарған. Ал “атың шықпаса жер өртенің кейпін танытқан” қос жұлдыздың әрекетін көпшілік жасырын жарнама деп топшылады.

Сиви мен Ренат-080217

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Интернет пен уатсапта тез таралған бұл таспада ашуға булыққан бойжеткеннің әріптесінің қымбат автокөлігін гольф таяқшасымен ұрып, қиратып жатқаны бейнеленген. Әлде бір дүниеге ашынған Сиви “Ол кадрларды неге аласың, мен саған айттым ғой 3 балам бар деп” дауыстап қояды. Лауазымы үлкен, жалақысы жоғары шенеуніктердің өзі міне бермейтін сүліктей қара мерседесі талқандалып жатса да, Ренат көлік ішінен шығуға құлықсыз. Ал оған келтірілген шығынды экранның арғы бетінде отырған жұрт есептеп үлгерген.

«Алдыңғы есік пен артқы есіктің әйнегін ауыстыру жұмысының құны 7 мыңнан 10 мың теңгеге дейін. Алдыңғы үлкен әйнекті орнату жұмысы 15 мың теңге болады. Ал, әйнектің бағасы әр түрлі. Ресми диллер өз бағасын, базарлар өз бағасын, автомобильдерді бөлшектеп сатушылар өз бағасын ұсынады. Сайып келгенде барлық шығын 400 мың теңгеге жуықтап қалар», – дейді көлік жөндеуші Вячеслав Влацов.

Ал медиа сарапшы Назгүл Қожабек қойылым ретінде ойластырылған вирустық роликте экспрессия жоқ -деп бағалап отыр. Кішігірім эпизодтың өзін ұтымды шығара алмаған актерлердің үлкен картинаны шедеврге айналдыратынына күмәнім бар -дейді ол. Сондықтан ол аталмыш бейберекетсіздікті сәтсіз шыққан қара PR-ға балады.

«Біздегі жұлдыздардың осындай PR нәрселер жасауда аудитория талғамын тым төмендетіп алатыны кішкене батады. Шын мәнінде “People’s хавает” деген сөз бар. Дөрекі айтсақ аудиторияға “Не берсең де, жұта береді” деген оймен нашар дүниелерді ұсына беру қазір өте көп», – дейді медиа сарапшы Назгүл Қожабек.

Кейде PR мамандарының кеңесімен жасалатын дүниелердің өзі сәтсіз болып шығып жатады. Шын мәніндегі аудитория реакциясын ешкім дөп басып болжай алмайды. Ал Сиви мен Ренаттың бірлесе кино түсіріп, оның тұсаукесерін осы айға белгілегенін ескерсек, бұл халықты елең еткізіп, киноға деген ықыласын оятуға арналған амалы ғана деп топшылайды көпшілік. Ал қос әншінің бұл әрекетін халықтың қалай қабылдағаны картинаның жинаған кассасынан-ақ белгілі болмақ.

Есте болса, Сиви Махмұдидің әріптесі Ренат Баситовтың көлігін талқандаған видеосы желіде тарап кеткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Бүгін “Жігіттер” тобының әншісіне Санкт-Петербургте ота жасалмақ

Кенжебек Жанәбілов туған ағасын жер қойнына тапсырды

Ринат Зайытов: Құзырымда болса бағдарламалардың 90%-ын жауып тастар едім

Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр