Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Меломен» жігіттері қарияның ауласын тазалап, азық жеткізіп батасын алды (видео,фото)

«Меломен» тобының жігіттері  ешкімі жоқ қарияның  ауласын тазартып, азық-түлігін жеткізіп берді.

меллллл

Әнші жігіттер осылайша  зейнеттегі апаның алғысымен қоса батасын да алды,-деп жазды Stan.kz  тілшісі.

Жігіттер алдымен дүкенге барып, жалғыз өзі тұратын апаға тәттілер мен жұмсақ  әрі дәмді азықтарды сатып алған. Сыйлықпен келген әнші жігіттер қарияның күші келмейтін, қыстан қалған ауыр қоқыстарын далаға шығарып тастады. Өз кезегінде балаларына риза болған ана  алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

Ассалаумагалейкум курметти агайын, бауырлар! Айналамызда каншама комекке муктаж жандар бар. Адамнын жаксысы адамдарга пайдалысы деген пайгамбарымыз. Келиниздер созбен емес iспен жаксылык жасайык. Олай болса Меломен тобы: #Жаксылыккашакырамыз атты эстафетаны бастайды. Ендеше биз “Меломэн”тобы ” Жаксылыкка шакырамыз” атты эстафетаны жолдаймыз: @air_astana_official @n.zvezdnoe @kair_n @toregalitoreali @daniyar_otegen @batyrbainazarov_official @ayanbirbayev @adylzhanumarov @aluakonarova @erdoskanaev @aidar_turganbek @baglan_abdraimov @myrzakhan_makhanov @daniyar727 #Жаксылыккашакырамыз @elauzynda @31arna @zhuldyz.fm @zhuldyz_tv @insta_zhuldyzdar_kz @khabartv @astana.tv @toiduman.kz @gakkutv @hittvkz @muzzone_tv

Публикация от Мelo’Men тобы (@melomen_official)

Әнші жігіттер  желідегі парақшаларына істеген жақсылықтарын іліп, пікірлерін де жазды.

«Ассаламуғалейкум құрметті ағайын, бауырлар. Айналамызда қаншама көмекке мұқтаж жандар бар. Пйғамбарымыз «адамның жақсысы адамдарға пайдалы» деген. Келіңіздер сөзбен емес жақсылықты іспен жасайық»,-деген.

Осыдан кейін  топтағы әнші жігіттер кезекті қай әріптестеріне беретінін атап айтқан.

«Кезекті  Қайрат Нұртас,Төреғали Төреәлі, «Жігіттер», «Ринго» тобына жолдаймыз»,-деді.

Шарт бойынша есімі аталған топ мүшелері мен әншілер «Меломен» тобының ісін қайталап, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасауға міндетті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы шықты

Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетовадан зәбір көргенін айтты

Ринат Зайытов: Құзырымда болса бағдарламалардың 90%-ын жауып тастар едім

Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті (фото)

Талқылау