Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ақшадан қысылған құтқарушы өз туысын тонап кеткен

Жезқазған қалалық сотында көлігін жөндеу үшін өз туысын тонап кеткен ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облысында құтқарушы өз туысын тонап кеткен

«Сотты болған құтқарушының «Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметтері» мемлекеттік мекемесіне қатысы жоқ. Ол Жезақазған қаласындағы өрт сөндіру бойынша мемлекеттік емес бөлімде жұмыс істейді», – дейді Қарағанды облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі.

26 жастағы құтқарушы апатқа ұшырап, танысының көлігін зақымдаған. Алайда оны жөндеп беруге ақшасы болмапты. Артынша ер адам туысын тонап, 3 миллион теңгесін қолды қылған. Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, соттан оны жазаламауын сұрады.

«ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша қарастырылып отырған қылмыс «ауыр сипаттағы қылмыс» түріне жатады. Бұл бап бойынша тараптардың татуласуы қарастырылмайды. Үкім шықты. Ер адам кінәлі деп танылды. Оған қатысты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», – дейді Жезқазған қалалық сотының өкілі Марат Көкішев.

Сонымен қатар, ер адам 4 жыл бойы пробациялық бақылауда болады. Оған уәкілетті мемлекеттік органдарға ескертпестен тұрақты мекен жайын, жұмыс және оқу орнын өзгертуге, спиртті ішімдік ішу үшін дәмхана, бар және ойын-сауық орындарына баруға болмайды.

«Егер айыпталушы осы тәртіпті бұзса, аталған 4 жылды түрмеде өтейтін болады», – дейді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да биіктігі 200 метр болатын алып мұнара құлағалы тұр

Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған сәбидің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтты

Қарағанды облысында күкірт сақтайтын қойманың себебінен әйелдер түсік тастап, малдардың төлі құбыжық боп туып жатыр

АЭФ-тің тікелей эфирі кезінде ер адам тележүргізушінің бетінен сүйіп алды (видео)

Талқылау