Қарағандыда жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Фото: Andranik Hakobyan/Getty Images
Қарағандыда жалдамалы пәтерден 18 және 15 жастағы жігіттердің денелері табылды. Полиция мәліметінше, олардың мәйіттерінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде жасөспірім мен жас жігіттің өлімі есірткіден болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Алайда полиция бұл ақпаратты ресми түрде растамады.
Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеушілер қазір не болғанын анықтап жатыр. Барлық нұсқалар тексеріліп, куәлардан жауап алынып, оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп жатыр.
"Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тексеру мен тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", – дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген