Қарағандыда спа салонға барған ер адам тірідей жанып кете жаздады
Қарағандылық өрт сөндірушілер зейнеткерді өрттен алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Төтенше жағдай кезінде 64 жастағы ер адамның өртеніп жатқан спа салонның ішінде қалып қойғаны анықталды.
“Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы 2 қабатты жеке тұрған спа салоннан өрт шықты. Қызыл жалын жалпы ауданы 10 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер 1957 жылы туған ер адамды құтқарды”, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт түгелдей сөндірілді. Әзірше өрттің шығу себебі белгісіз.
Бұған дейін Қарағандыдағы Костенко шахтасында түтін шығып, 190-дай кеншінің сыртқа шығарылғаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған