Қарағандыдағы Костенко шахтасында түтін шығып, 190-дай кенші сыртқа шығарылды
Қарағандыда Костенко атындағы шахтада К3 төртінші конвейер дрейфінде түтін шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түтінді өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр монтері Айбар Қосанов сөндірді.
"Шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі түтін туралы ескерту жүйесі қосымша іске қосылды. 19:45-те датчик сигналына байланысты түтіннің шығу себебі жойылса да, 194 кеншіні эвакуациялау туралы шешім шығарылды”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шықты, оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен бақылаушыларынан жеті жұмысшы орнында қалды.
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген