Қарағандыда кассир қызды өзіне ғашық еткен жігіт ақша айырбастау мекемесін тонап кетті
Қарағандыда кассирші қызбен танысқан жігіт, бірнеше кездесуден кейін ақша айырбастау пунктін тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Ер адам ақша айырбастау пунктіндегі барлық құпияларды қыздан сұрап біліп алады. Ал ол болса, ғашығына мекемеде қанша күзетші істейді және ақша қайда жатқанына дейін айтып берген.
Түннің бірінде ол қызды ақша айырбастау пунктіне әкеліп, өтірік айтуға мәжбүрлейді. Сөйтіп сондағы ауысымда отырған қыз есікті ашқанда оны бетінен ұрып құлатады.
Қылмыскер сүйіктісін пышақпен қорқытып, оған сейфті аштырады. Сөтіп ол жерден 3 млн 902 мың 300 теңге, 952 доллар, 2 мың 650 еуро және 120 мың 300 рубль алып, ізін суытқан.
Қарағанды облысының мамандандырылған аудандық сотының қылмыстық істері бөлімінің жетекшісі Шәріп Сисимбаев ер адам 11 жыл 6 ай бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін айтты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"