Қарағандыда аязды күні сәбиін тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр
Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен сәби табылды. Қазір полиция баласын тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Policia.kz
Полиция мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде нәрестенің жатқаны жайлы хабарлаған.
“Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді”, – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен