Қарағанды облысында найзағайдың кесірінен 70-ке жуық жылқы қырылды
Қарағанды облысында найзағай салдарынан 69 жылқы өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға осы аптада Қарқаралы ауданы Жарлы ауылының маңында, Қайыңдыкөл көлінде болды.
"Найзағай жарқылдарының салдарынан 69 бас жылқы қырылды", - делінген хабарламада.
"Өлген жануарларды Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты Жарлы ауылының тұрғындары тапты. Тексеру барысында көлге найзағай түсіп, нәтижесінде 69 бас жылқы, оның ішінде 48 ересек және 21 құлын қырылып қалды", - деді Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғындар қырылған жылқы үйірін көлден алып шығып көміпті. Олар тоғыз отбасына тиесілі екен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі