Қарағанды облысында қыздарының зорланғанын жасырған ата-ана жауапкершілікке тартылмақ
Қарағанды облысында оқиғаны жасырып келгені үшін 40 жастағы ер азамат зорлап, артынша жүкті болған қыздың ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс жайлы облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин айтты. Оның сөзіне сүйенсек, іс бойынша бір адам күдікті ретінде қарастырылуда.
"Бұл іс менің жеке бақылауымда. Күдікті ұсталып, абақтыға қамалды. Қазір күдікті біреу-ақ. Дегенмен тергеушілер қылмысты жасырмақшы болғандарға қатысты талқылауда. Олардың әрекеттеріне қылмыстық баға беріледі, тіпті, олар жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді Файзуллин.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында оқушыны зорлады деген күдікке өзін ауыл имамы деп таныстырған азамат ілінгені жайлы айтылған еді.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады