Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін ауылдың имамымын деп айтқан": Қарағанды облысында ер адам оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

Қарағанды ​​облысында өзін ауыл имамы деп таныстырған азамат кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болған. Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы да айтылған.

Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады. Оқушы қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да айтпаған.



Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имам сертификатын алмаған. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып, ауыл молдасына айналдырып алған.

"Аталған хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 120-бабы - "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Талқылау