Қарағанды облысында балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршінді тоқ соқты
Қарағанды облысында ойын алаңқайында бес жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 4 қыркүйекте Ақсу-Аюлы ауылында орын алған. Зардап шеккен бес жасар баланың қолы күйіп, ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, балалар алаңының маңында тоқ сымдары ашық жарық бағаны бар көрінеді.
Балаға алғашқы көмек көрсетілген. Дәрігерлер оның алдағы емді үйден қабылдайтынын жеткізді.
Қарағанды облысының ПД хабарлауынша, оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тексеру басталған.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады