Қапшағай тасжолы жабылды: Қалың түтіннің әсерінен 8 көлік соқтығысқан
Қапшағай тас жолының 34 шақырымында қоқыс тастайтын жердің өртенуінен сегіз көлік соқтығысып, жаппай жол-көлік апатына әкеп соқты. Жүргізушілер қалың көк түтіннен жолды көрмей қалған. Қазіргі уақытта жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "QazAvtoJol" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"QazAvtoJol" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай хабарланғандай, қоқыс Алматы уақыты бойынша сағат 14.30-15.00 шамасында жанып кеткен. Себептері әлі белгісіз.
"Ақылы учаске қызметкерлері өртке қарсы қызметке шұғыл хабарлама берді. Алматы - Қапшағай ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында қоқыс өртеніп, көк түтіннен 8 автокөліктің (3 зардап шеккен адам, 1 ауыр жағдайда) қатысуымен ЖКО орын алды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына өртке қарсы қызмет, жол полициясы және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келіп жетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол полициясы қызметкерлері екі бағытта да қозғалысты уақытша жауып тастады.
Соңғы мәліметтер бойынша, жағдай өзгерген жоқ, ТЖД және МПС бірлесіп күшейтілген шаралар жүргізілуде.
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдей ме: Жаңа мораторий не өзгертеді
Заңгер: "Жаңа мораторий енгізілсе, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме тағы да азаяды"
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі