"Қантөгісті тоқтатыңыздар": Димаш Құдайберген Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Димаш Құдайберген Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірді. Әнші әр адамның өмір сүруге құқылы екенін еске салып, қантөгісті тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!" - деп жазба қалдырды Құдайберген желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Украина – Ресей қақтығысы салдарынан Қазақстанда нан қымбаттайтынын жаздық.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"