Қаңтарда адамдарды азаптады деген күдікпен 9 құқық қорғау қызметкері қамауға алынды
Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша 15 қызметкер күдікке ілінді. Қазір соның ішінде 9 қызметкер қамауда отыр. Бұл туралы бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шындалиевтің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған. Ал тағы 6 адам түрмедегі азаптаулардан кейін қаза болды.
"Қазіргі таңда азаптау бойынша 15 адам күдікті деп танылды. Соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Олардың сегізі – ұлттық қауіпсіздік комитетінен, біреуі полициядан", – деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Қалғандары бостандықта, оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Әсет Шындалиев тергеу әлі жүріп жатқанын айтты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"