Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасын еске алған Тоқаев еліміздегі газ мәселесіне тоқталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Қаңтар оқиғасын еске алып, еліміздегі газ мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев парламент

Тоқаев мемлекетіміз былтыр тауар газының тапшылығына тап болғанын айтады.

"Бұл жағдай бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін нарықты газбен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді бізге де енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн. Жалпы, төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидиялар көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ", - деді президент Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде.



Тоқаев қазіргі уақытта зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындарды сынап, жаңа жүйе бойынша газдың текшеметрі қымбатырақ болуға тиіс екенін баса айтқан. Әлеуметтік әділдік дегеніміз – осы, дейді ол.

"Қолда бар шикізатты пайдалану тиімділігін арттыру маңызды. Күнделікті тұрмыста да, мемлекет деңгейінде де үнемдеп үйрену керек. Бұл – әлемдік тәжірибе. Оның өзектілігі қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында күшейе түсті. Өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бей-берекет жаға беруге болмайды. Мұны доғару керек. Үкімет Тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуі қажет", - дейді президент.

Талқылау