Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев орта бизнесті дамытуға бағытталған тәсілдерді әзірлеуді тапсырды 

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында орта бизнесті дамытуға бағытталған тәсілдерді әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент

"Мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс. Жобаның нақты әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеру қажет. Осы орайда, Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын. Өйткені, орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады", - деді Мемлекет басшысы.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды. 

“Өздеріңізге дауыс берген азаматтар үлкен үміт күтіп, сенім артып отыр. Депутаттар билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға үлес қосуы қажет. Бұл жұмыс "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орнықтыруға септігін тигізеді. Әсіресе, сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы осы жұмысқа белсене атсалысады деп сенемін. Партияның тәжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан, Amanat партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Талқылау