Президент: үкімет және парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс
Қос палатаның бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қазақстанның туризм саласын дамыту мәселесіне тоқталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Үкімет және парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ, сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет”, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек екенін айтты. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн.
“Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ", - деп атап өтті Президент.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”