Канело су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау білдірді
Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Канело Альварес су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арнап желіде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/canelo/
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдірді.
“Қазақстан халқы үшін дұға етеміз. Атырау мен Орал. Біз сіздермен біргеміз”, – деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасына.
Еске салайық, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі былтыр күзде болды.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті