Канело Қазақстанға келуге келісімін берді - Бірақ ол Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінен қорқатынын жеткізді
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің реакциясы (42-2-1, 37 КО).
"Инсайдердің айтуынша, Алматы немесе Астанада өтетін шара аясында "Канеломен" фан-митинг жоспарланған.
Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді, бірақ ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің теріс реакциясынан қорқады", - деп хабарлады Vesti.kz сайты.
Еске салайық, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген