Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин допинг дауына байланысты қарымта кездесуден бас тартып, мұнан кейін кешірім сұраған мексикалық қарсыласы Сауль Альварестің сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Геннадий Головкин

WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин баспасөз-мәслихатында кешірім сұраған «Канелоға» жауап беріп, мексикалық боксшының сөзіне қатысты пікір білдірді.

«Канело» кім? Барлығы оны Мексиканың жұлдызы екенін айтады. «Канело» соңғы баспасөз мәслихатында кешірім сұрады. Өзінің қателескенін жеткізді. Алайда бұл сорақылық дер едім. Мен үшін, ол – жұлдыз емес. Сондай-ақ, ол бокс үшін маңызды амбассадор саналмайды. «Канело» – нашар адам. Десе де көпшілік қарымта кездесуімізді қаласа, мен жекпе-жекке шығуға келісемін.

Қазіргі уақытта өзімді тамаша сезінемін. Мен енді күтіп отырмын. Ал «Канелоның» кешірім сұрап, мүләйімсігені есімде. Кетші әрмен», – дейді Головкин.

Оқи отырыңыз:

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді

Головкиннің 5-мамырда Лас-Вегаста өтілуі тиіс жекпе-жегі ресми түрде күшін жойды

Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін мәлімдеді

Талқылау