AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кандидаттар 3 миллион теңгелік жарна төлеуі тиіс: Қазақстан президенті болуға үміткер азаматтарға қойылатын талаптар айтылды

ҚР Президенті сайлауына қатысуға үміткерлер 3 миллион теңге жарна төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабының 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

“Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшесінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады",  –  деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ, ОСК төрағасының орынбасары кандидаттарды заң талаптарына сәйкес келетіндігі өтініш бергеннен кейін 5 күннің ішінде тексерілетінін айтты.

"Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырады. Жарна мөлшері – 3 млн теңге", – дейді ол.

Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары президентікке кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады. 

Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • тумысынан Қазақстан азаматтығы болуы;
  • ҚР аумағында соңғы 15 жыл тұруы;
  • жоғары білімінің болуы;
  • жасы 40-қа толған болуы;
  • белсенді сайлау құқығының болуы;
  • мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Сондай-ақ ОСК президенттікке кандидат болу үшін қанша қол жинау керек екенін айтты.

Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың және астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1%-нің қолын жинаумен куәландырылуға тиіс.

Қол қою парақтары кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін бес күн ішінде беріледі.

Бірінші шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат енгізілді.

Әрбір кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы шарт.

Айта кетсек, Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр