Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандастарға жерді сатуға тыйым салынады: Ауыл шаруашылығы вице-министрі мәселені түсіндіріп берді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қандастарға ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалдауға не үшін тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жер

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр.

"Қандастарға қатысты, олар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер ала алатынын атап өткім келеді. Бұл ретте олар ауылшаруашылық жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін жалға ала алады", - деді Рүстем Құрманов

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін төмендегілерге беруге толық тыйым салынады:

- шетелдіктерге;
- азаматтығы жоқ адамдарға;
- шетелдік заңды тұлғаларға;
- Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына;
- халықаралық ұйымдарға;
- халықаралық қатысумен ғылыми орталықтарға;
- сондай-ақ қандастарға.



"Заң жобасында 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жалға беру мерзімі аяқталғанға дейін берілген ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды реттейтін, сондай-ақ жалға беруді ұзартуға тыйым салатын өтпелі ереже қарастырылған. Заң жобасында Жер кодексіне, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" заңды қоса алғанда, үш заңға өзгерістер енгізу көзделген. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды", - деді вице-министр.

Айта кетейік, жер қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасына президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болды. Бұған дейін ол Қазақстан жері шетелдіктерге сатылуы мүмкін деген қауесетті тоқтату үшін осы заңды шұғыл дайындауды тапсырды.

12 наурызда мемлекет басшысы заң жобасын мәжіліске жіберді.

Кейінірек ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге тыйым салу қандастарға да әсер ететіні белгілі болды.

Талқылау