Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алаңдауға негіз жоқ": Қаржы министрі Jusan Bank-тің болашағы жайлы

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Jusan Bank айналасындағы ақпаратқа қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жамаубаев

Министр банктің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын және оның болашағына деген қауіп жоқ екенін тілге тиек етті. 

"Jusan Bank тұрақты түрде жұмыс істейді және оның болашағына алаңдауға еш негіз жоқ деп ауыз толтырып айта аламын. НЗМ шығындарының көп бөлігі республикалық бюджет тарапынан өтелетін еді. “Қордан” Jusan-ды ешкім тартып алған жоқ", - деді министр. 

Сондай-ақ ол НЗМ мен НУ негізінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатынын, бірақ бұл бірте-бірте қысқарту керегін айтты. Сөзінше, бұл мекемелерді өз қаражаты есебінен қаржыландыратын қор құрылған.

Қаржы министрі "бұл екі мекемені тікелей Jusan Bank қаржыландыруы керек еді" деген мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.

"Jusan – басқа да екінші деңгейлі бактер секілді қаржы институты. Ол да халық қаражатының айналымына қатысып, өз капиталын қалыптастырады, нарыққа қаржы құйып, экономикаға несие береді. Пайда есебінен акционерлерге деген дивидендтер одан әрі өседі. Банктің соңғы акционерлері – қор, инвестицияланған дивидендтер арқылы НЗМ-ді қаржыландыруы керек. Олар салықтарды төлеп, пайда заң бойынша бөлінгеннен кейін пайда қорға түседі. Қор өз кезегінде осы екі мекені қаржыландырады" - деп түйіндеді Жамаубаев.

Еске салсақ, банктің тұрақтылығы оның қаржылық көрсеткіштерімен және қазақстандық қаржы реттеушісінің талаптарынан айтарлықтай асатын пруденциалдық нормативтерге сәйкестігімен расталады. Мәселен, Jusan Bank капиталының жеткіліктілік коэффициенті (k1) 28%, ал қазіргі өтімділік коэффициенті (k4) ) 211%-ға тең. Меншікті капиталы мен өтімділігі бойынша Jusan Bank қазақстандық банктер арасында сәйкесінше екінші және үшінші орындарда тұр. Мұның барлығын ескере келе, Moody's Investors Service тәуелсіз халықаралық рейтинг агенттігі 2022 жылдың соңында банктің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша болжамын B1 деңгейінде "Тұрақтыдан" "Оңға" дейін көтерді. Сонымен қатар, жыл басында банк Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып тұрақты даму саласындағы қызметі үшін S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігінің әлемдік компаниялардың жаһандық тізімінен көрінді. Агенттік Jusan Bank-ке 23/100 деңгейінде баға берді.