Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иван Дычко америкалық промоутерлік компаниямен келісім жасасты

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырды.

20170629093136

“Бүгін олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко бізбен келісім-шартқа отырды”, – деп жазады компания инстаграмдағы парақшасында.

The Heavyweight Factory компаниясы Флорида қаласында орналасқан.

Бұған дейін Дычко олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге Майк Алматура басқаратын автсралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. Бірақ, компания өз сөзінде тұрмаған. Сондықтан боксшы промоутерлік компаниямен де, Майк Алматурмен келісімшартты бұзған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан боксының жарық жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)

Қанат Ислам тек әлсіз қарсыластармен жұдырықтасады деп өзін сынағандарға жауап берді

Әділбек Ниязымбетов: Ақша бізге оңай жолмен келсе, неге елдің бәрі Олимпиада чемпионы болып кетпейді

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Талқылау