Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдік ішпеген: Дәрігер Төреғалидің денсаулығы жайлы шындықты айтты (видео)

Ішімдік ішпеген! Төреғали Төреәлінің дәрігері атышулы оқиғаға қатысты пікірін айтты. Павлодарлық ақ халат иесі әншінің расымен де сырқаттанып қалғанын растады, – деп хабарлайды Stan.kz.

“Павлодар қаласындағы концерттен бұрын Төреғали Төреәлі менің көмегіме жүгінді. Павлодардағы концертке дейін де, кейін де оны емдеумен айналысып жатырмын. Тамағы ауырып, жөтеліп, жүрек қағысы жиілей түскен, яғни тыныс алу жолдарында ақауы бар”, – деп түсіндірді дәрігер.

Медицина қызметкері “Төреғалиді ішіп, шегіп алған” деп айыптағандарға ренішін жеткізді. Дәрігердің айтуынша, әншіні бұлай деп айыптау – ақылға қонымсыз.

“Желіде Төреғали жайлы ақылға қонымсыз жайттарды оқып, ренжідім. Есірткі қолданып, ішімдік ішті деп жатыр. Бар жауапкершілікті мойныма ала отырып, бұл баланың бірнеше күннен бері ауырып жүргенін мәлімдеймін”, – дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде сахна төрінде тұрып қарияға ұрысып, залдан қуған еді.

Мұнан кейін Ұлы дала баласын өнердегі әріптестері Меруерт Түсіпбаева, “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов пен әншінің жерлестері сынап, оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ал әнші Бүркіт Төреғалиге қолдау білдіріп, араша түскен еді.

Артынан мәскеленің ушығып бара жатқанын аңдаған Төреғалидің өзі халықтан кешірім сұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал журналист Төреғали туралы: Аузына темірді қыздырып басу керек

Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады

Төреғалидың жағдайына байланысты Нұрқаділовтің қазасын мысал еткен Жүнісова ұятқа қалды

Төреғали Төреәлі Үсеновтің өнердегі көшірмесі деген атақ алды

 

Талқылау