Instagram істемей қалды
Instagram әлеуметтік желісі бүгін таңғы 8:00-ден бері көптеген мемлекеттерде істемей тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polit.ru басылымына сілтеп.

Әлеуметтік желінің жұмысындағы іркіліске әсіресе АҚШ, Бразилия, Бельгия, Нидерланды және Франция мемлекеттерінің тұрғындары көп шағымданған. Бұл жағдай сонымен қатар Германия, Мексика, Польша, Ұлыбритания, Сербия, Чили, Жапония және Малайзия елдерінде де байқалған.
Пайдаланушылар негізінен лентасын жаңарта алмағандықтан (38 пайыз), жарияланым жүктей алмай (34 пайыз), сториз қарай алмағандықтан (27 пайыз) шағым айтқан.
Бұған дейін қазақстандықтарға Интернетке қол жеткізу үшін телефонға арнайы қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылған. Сертификат болмаған жағдайда жекелеген интернет-ресурстармен мәселе болуы мүмкін екені хабарланған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"