Інісі өмірін құтқарды: Шымкент тұрғынына бауырды ауыстыру бойынша ота жасалды
Шымкенттік дәрігерлер бауырды ауыстыру бойынша 24-ші отаны сәтті жасады. Бұл жолы цирроздың ауыр түріне шалдыққан 41 жастағы тұрғын інісінің донор болуымен аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, орган жаңа иесіне сәтті отырғызылды. Ағза да қабылдады, қазір науқасты мазаламайды.
Бауырды ауыстыру бойынша ота сәтті жасалу үшін донорлық орган бен репициент тыңғылықты тексерістен өтуі керек.
Бауыр қайта қалыпқа келу қасиетіне ие. Алайда ауыстырған бауырды сау күйінде сақтау үшін реципиент (орган салынған адам) диета сақтап, дәрігер жазған препараттарды қабылдап, денсаулығына жіті көңіл бөлуі керек.
"Бауырды ауыстырғаннан кейін, 21 тәулікте донордың бауыры қалыпқа келе бастайды. Ал 3 ай мен 6 айдың арасында толық қалыпқа келеді. Реципиентке келсек, біз 7 жыл бұрын 1987 жылы туған әйелге цирроз бойынша ота жасадық. Бір жыл бұрын ол сәби босанды. Яғни науқас қалыпты өмірге қайта оралады", – дейді қалалық №1 клиникалық емхананың трансплантолог-хирургі Рахымжан Үмбетжанов.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады